“АҚМЕШІТІМ — КИЕЛІ МЕКЕНІМ” АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болащаққа бағдар;Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Көктерек ауыл атырабындағы «Ақмешіт» мәдениет үйінде «Ақмешітім — киелі мекенім» атты семинар-кеңес болып өтті. Семинарға келушілер алдымен Ақмешіт үңгірін аралаудан бастап, табиғат тарту еткен тылсым орынның тарихымен танысты.
Іс-шарада мәдениет қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасының мән-маңызы туралы өзара пікір алмасып, көпшілік-мәдени жұмыстарға байланысты өздерінің іс-жоспарларын ортаға салды. Сонымен қатар «Ақмешіт» Мәдениет үйінің жұмысымен танысты.
Семинарда ауыл тұрғыны, кәсіпкер Нұрғали Рүстембеков өз қаражатына Мәдениет үйіне 500 мың теңгенің музыкалық аппаратурасын сыйға тартты. Осыған дейін де ауылда көптеген жақсы істердің демеушісі болып жүрген Нұрғали ағаға алғысымызды айтамыз. Мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылардың жоспарлы түрде ай сайын өткізілетін семинар-кеңесіне қатысушылар ерекше әсермен тарқасты.
А.ӘЛІМҚҰЛОВА,
«Ақмешіт» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.