ТҮЛКІБАС ПОСЕЛКЕСІ ЖАҢҒЫРУДА

Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас поселкесі күн санап көркейіп келеді.
Ауданда, оның ішіндегі елді мекендерде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында біршама шаралар атқарылғанын айта кету қажет.

Солардың бірі, Түлкібас поселкесіне кіре беріс жерінде «Түлкібас менің жүрегімде» деген латын әріпінде белгі орнатылып және сол жерде орналасқан «Қазақстан Темір жолы» АҚ мекемесінің көлік тұрағының көше бойына қараған беткейіндегі қабырғаға демеушілер тарапынан тарихи суреттерге түрлі бояулармен рең беріліп, заман талабына сай тарихи суреттер салынды. Сонымен бірге, темір жол аспалы көпірдің бүгінгі күннің сұранысына сәйкес келбетін келтіру мақсатында демеушілер тарапынан пианино үлгісінде бояу жұмыстары жүргізілген. Ал, орталық көше бойына шынымен көмкерілген тақталар орнатылған. Онда мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары жазылған. Түнгі уақытта жарықтандырылып тұрады.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Н.Өзбеков көшесіне толығымен асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынып, халыққа пайдалануға берілді. Алдағы уақытта түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек