РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

2026 жылғы 15 наурыз еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатын күн болмақ. Бұл — жай ғана күнтізбедегі дата емес, бұл — Қазақстанның ертеңгі бетбұрысын айқындайтын, әрбір азаматтың үні мемлекеттік деңгейде естілетін жалпыхалықтық референдум күні.
Референдум — демократияның ең жоғарғы формасы. Бұл жерде шешімді билік емес, халық қабылдайды. Мемлекеттің даму бағыты, құқықтық негіздері мен Конституциялық өзгерістер тікелей сіз бен біздің таңдауымызға байланысты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты көрінісі — осы жалпыхалықтық дауыс беру. Біз тек қағазға белгі қоймаймыз, біз ұрпақтарымыз өмір сүретін елдің іргетасын қалаймыз.
Конституция — біздің бостандығымыз бен құқығымыздың тірегі. Оған енгізілетін әрбір жаңашылдық елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, құқықтық жүйесіне әсер етеді. Сондықтан 15 наурызда сайлау учаскесіне бару — бұл тек құқық қана емес, бұл — перзенттік борыш.
Құрметті отандастар! Бұл күні біз бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетуіміз керек. Біздің ортақ мақсатымыз — мықты, гүлденген және әділетті Қазақстанның іргесін бекіту. Саналы шешім қабылдап, ел ертеңі үшін дауыс беру арқылы біз тарихтың жаңа парағын бірге жазамыз. Ел тағдырына бейжай қарамайық! Сіздің таңдауыңыз – елдің болашағы!
Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ,
«AMANAT» партиясы
Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты.




