«МӘДЕНИ МҰРАМЫЗДЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ САҚТАЙЫҚ!» АТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазіргі заманның қарқынды өзгерісінде ұлттық болмысты сақтап қалу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын таныту – білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Білім келешегі: Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімі Аметова Айнұр 4В сынып оқушыларымен «Мәдени мұрамызды, құндылықтарымызды сақтайық!» тақырыбында мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – сабақ мақсатының жасанды интеллект әдісі арқылы түсіндірілгені. Бұл — қазіргі білім беру жүйесінде жиі қолданылып келе жатқан заманауи тәсілдердің бірі. Жасанды интеллект технологиясын қолдану арқылы мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақтың мазмұнын көрнекі әрі түсінікті жеткізді. Мұндай әдіс бастауыш буын оқушылары үшін күрделі ақпаратты оңай қабылдауға мүмкіндік береді. Сабақ ұлттық құндылықтарды таныту, мәдени мұраны сақтау қажеттілігін түсіндіру, оқушылардың өз халқының тарихына, салт-дәстүріне деген құрметін арттыруды мақсат етті. Жалпы іс-шара мазмұны балалардың танымдық, шығармашылық және рухани әлеуетін дамытуға бағытталды. Сабақ басында оқушыларға мәдени мұраға арналған арнайы бейнежазба көрсетілді. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті, архитектуралық ескерткіштері, ұлттық өнер үлгілері, тұрмыс салты мен дәстүрлері кеңінен баяндалды. Бейнематериал балалардың қиялын оятып, кейінгі тапсырмаларға қызығушылық туғызды. Оқушылар бейнероликтен кейін алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, мұралар туралы өз ойларын ашық жеткізді.
Іс-шараның әсерлі бөлімі – оқушылар дайындаған «Ата мұрасын ұмытпа» атты шағын сахналық қойылым болды. Қойылымда ұлттық құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа берілуі, ата-әженің өнегелі тәрбиесі, ұлттық болмысты сақтау туралы ойлар көркем түрде бейнеленді. Оқушылар өз рөлдерін түгел меңгеріп, көріністі үлкен жауапкершілікпен алып шықты. Қойылым көрермендерге терең ой салды және балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға түрткі болды. Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар жасырылған сұрақтарға жауап берді. Бұл тәсіл балалардың логикалық ойлауын, ізденісін, жылдам реакциясын дамытуға бағытталған. Сұрақтар ұлттық дәстүр, салт, тағам мен ойын түрлеріне қатысты болды. Сонымен бірге оқушыларға ұлттық ойындар туралы мәлімет беріліп, асық ойыны ойналды. Қолына асық ұстап, сақа мен қаржының айырмасын түсіндіріп, ұлттық ойынның тәртібін меңгерген балалар ерекше қуанышын жеткізді. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесіне енгізу – балалардың тарихи санасын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі.
Іс-шараның ең әсерлі тұстарының бірі – ата-аналардың қатысуымен өткен «Бесікке салу» дәстүрінің көрсетілімі болды. Бабадан қалған ғажайып ғұрыптардың бірі – бесікке салу рәсімі ұлттық тәрбиенің бастауы екені белгілі. Ата-аналар бесіктің құрылымы, оның маңызы, сәби денсаулығына берер пайдасы жайлы түсіндіріп, салттың орындалу ретін көрсетті. Бұл балалар үшін де, ата-аналар үшін де ерекше тәжірибе болды. Іс-шара барысында оқушылар салт-дәстүр туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты. Бұл кезең балалардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамытуға арналған. Қазақтың рухани қазынасы саналатын мақал-мәтелдер арқылы ұлт даналығы жас буынның жүрегіне жол тапты. Аметова Айнұрдың ұйымдастыруымен өткен бұл сыныптан тыс жұмыс бастауыш сынып оқушыларының ұлттық болмысын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Мәдени мұра, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар туралы жан-жақты мәлімет берген іс-шара балаларды бірлікке, рухани тазалыққа, үлкенді құрметтеуге, өз халқының мәдениетіне мақтанышпен қарауға тәрбиеледі.
Балалар іс-шараға белсене қатысып, белсенді талқылаулар жүргізіп, көріністер қойып, ұлттық ойындардың қызығына кірді. Ата-аналардың қатысуы әр баланың ұлттық тәрбиені отбасыдан бастау керек екенін сезінуіне мүмкіндік берді. №62 Н.Төреқұлов атындағы мектепте өткен бұл шара – ұлттық тәрбие бағытындағы маңызды бастамалардың бірі. Заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық рухты дәріптеу – бүгінгі білім саласының басты міндеттерінің бірі. «Мәдени мұрамызды, құндылықтарымызды сақтайық!» атты сабақ оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойына халқымыздың бай рухани мұрасын сіңіруде табысты тәжірибе болды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақта елін, жерін, мәдениетін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеуге жол ашады.




