«ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ»

Бүгінгі күннің білікті басшысы – тек басқарушы емес, халықпен белсенді жұмыс істей алатын, ел мүддесін жеке мүддеден биік қоя білетін тұлға. Осындай көшбасшының жарқын үлгісі – AMANAT партиясы Шымкент қаласы, Қаратау аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Кеңесұлы.
Партия жұмысына тың серпін әкелген басшының бастамалары көпке үлгі боларлық. Жуырда ол «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында әртүрлі мектептерден іріктелген 20-ға жуық дарынды оқушыны марапаттап, оларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етті. Бұл — жас ұрпақтың талантын танып, ынталандыруға бағытталған шынайы жанашырлықтың көрінісі. Бұл ғана емес, Бауыржан Кеңесұлы жетекшілік еткен уақытынан бері партияның Қаратау аудандық филиалының жұмысы жүйеленіп, халықпен байланыс күшейе түскен. Ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігінің арқасында партия жұмысын жаңа деңгейге көтере алды.
Филиалдың белсенділігі артып, түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге аса бастады. Әсіресе, жастармен жұмыс – оның басты назарындағы бағыттардың бірі. Ол жас буынның мүмкіндігін ашуға, азаматтық белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осы арқылы ол нағыз халықтық көшбасшы ретінде танылып отыр. Бауыржан Кеңесұлы – тек саясаткер емес, жанашыр азамат. Халыққа жақын болу, елдің үніне құлақ түру – оның басты ұстанымы. Осындай тұлғалар арқылы қоғамда сенім мен даму орнығады. Ендеше кейіпкеріміздің алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз!
«Уақыт».