ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Түркістан қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар мен шаралар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ғана емес, облыс орталығында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер дер кезінде шешімін тауып келе жатыр. Әсіресе, азаматтар тарапынан айтылған әлеуметтік көмек шаралары бойынша едел-жедел жұмыс істелуде.
Осы орайда, «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан қалалық мәслихат депутаты Тағайбаев Жанбота Жұпарбекұлы азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген қала тұрғындары денсаулық және әлеуметтік сала мәселелерін көтерді. Қабылдауға жазылған қала тұрғындарының өтініштері мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тиісті бөлімдер мен мекемелер арқылы шешу жолдары қарастырылды. Өтініш иелерінің мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасалды.
Айта кету керек, Түркістан қаласында әлеуметтік қолдау шаралары белсенді түрде жалғасып келе жатыр. Әлеуметтік қолдау – бұл мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың халықтың әлеуметтік осал топтарына, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, қарттарға, көп балалы отбасыларға және басқа да мұқтаж азаматтарға көрсететін көмегі. Әлеуметтік қолдау халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.