СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Лудомания — қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі, ол адамның өміріне үлкен зиян тигізуі мүмкін. Ойынқұмарлықтан құтылу үшін оны мойындап, психотерапиялық көмекке жүгіну, қаржылық жоспарлау және әлеуметтік қолдау маңызды. Әрбір адам өз денсаулығын және өмірін қорғау үшін лудоманиядан алыс болуы керек. Ойындарға деген қызығушылық қалыпты шеңберде қалуы тиіс, ал егер ол шектен тыс асып жатса, міндетті түрде көмекке жүгінген жөн. Осы орайда, бұл мәселенің алдын алу шаралары елімізде қарқынды жүріп жатыр.

Осы орайда, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданы жастар саясатын дамыту, жас ұрпақтың құқықтық санасын көтеру мақсатында «Жастарға заңгерлік бойынша кеңес» тақырыбында Қазығұрт ауданына қарасты «№11 колледжі» МКҚК студенттерінің заңгерлермен кездесуі өтті. Кездесуге арнайы Сарыағаш ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Жармаханбет Нұрлан Зиябекұлы, жеке сот орындаушы Кыдырбаев Серик Пердешович, Түркістан облысы Нотариаттық палатасының нотариусы Әндеш Шоқан Талғатұлы, адвокат Таспалтаев Жұбан Айдарұлы, заң консультанты Тенизбаев Бексеит Жансейтович келіп қатысты. Сонымен қатар кездесудің модераторы Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алтынтөбе ауыл округ әдіскері Әзімбай Нұршер болды. Кездесу барысында заңгер мамандары нашақорлық, лудомания, зорлық-зомбылық, алаяқтық тақырыптары бойынша пікір алмасып, ой бөлісті. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, мемлекеттік бағдарламалар мен заңгерлік кеңестер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы лудоманиядан құтылу үшін ең алдымен адам өзіндегі бұл мәселені мойындауы қажет. Тәуелділікті мойындау — емделудің алғашқы және ең маңызды қадамы. Ойынқұмарлықтан құтылу үшін психотерапия, әсіресе когнитивтік-бихевиоралдық терапия тиімді. Бұл терапия арқылы адам өзінің ойынға деген теріс ойларын өзгертіп, мінез-құлықтарын басқаруға үйренеді.