ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Лудомания — қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі, ол адамның өміріне үлкен зиян тигізуі мүмкін. Ойынқұмарлықтан құтылу үшін оны мойындап, психотерапиялық көмекке жүгіну, қаржылық жоспарлау және әлеуметтік қолдау маңызды. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер үшін лудоманияның алдын алу — олардың кәсіби міндеттерін адал және тиімді орындауына қажетті шарттардың бірі. Әрбір адам өз денсаулығын және өмірін қорғау үшін лудоманиядан алыс болуы керек. Ойындарға деген қызығушылық қалыпты шеңберде қалуы тиіс, ал егер ол шектен тыс асып жатса, міндетті түрде көмекке жүгінген жөн. Сондықтан бұл мәселенің алдын алу шаралары елімізде қарқынды жүргізіліп келе жатыр.

Осы орайда, Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция инпекторлары бірге мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлімжеттілік, буллинг, бопсалау мен лудоманияның алдын алу мақсатында, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауыл округінде орналасқан №70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта мектебінде 7-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Онда тәрбиелік мәні бар оқиғалар айтылып, заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында оқушылар көкейіндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Айта кету керек, лудоманияның тарихы ежелгі замандардан басталады. Ойындарға деген құмарлық адамзат тарихында әрдайым болған. Ежелгі Грекия мен Римде ойындар халық арасында кең таралған және тіпті кейбір діни мерекелердің бөлігі болған. Мысалы, римдіктер арасында танымал болған «тәуелді ойындар» көбінесе құлдардың немесе жұмысшылардың уақытын өткізу құралы ретінде қолданылды. Орта ғасырларда да құмар ойындар өте танымал болған. Қытайда және Еуропада түрлі ойын түрлері пайда болып, олар арқылы адамдар ақша ұтып алуға тырысқан. Бұл кезеңде ойындардың басым көпшілігі ақшаға негізделген және бұл адамдардың құмарлыққа шалдығуына себеп болды. Кейінгі замандарда казиноның пайда болуы құмар ойындарды одан әрі дамытуға жол ашты. Мәселе тіпті бүгінгі күнде де өзектілігін жоймай отыр…