ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

«Халықтың кірісін арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» жаңа кәсіпорындарды ашу арқылы жұмыс орындарын құруды көздейді. Бұл тұрғыдан келгенде, Түркістан облысына қарасты аудандарда жүзеге асып жатқан жұмыстар көп. Оның ішінде Ордабасы ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар іске асып келе жатыр. Бүгінгі материалымызда аталған тақырып турасында кеңірек баяндауды жөн санап отырмыз…

Жуырда Бадам индустриялды аймағында жүргізілген инфрақұрылым желілерін меншікке қыбылдау, сенімгерлік басқаруға беру, сонымен қатар жаңа инвестициялық жобалар мен іске асырылып жатқан жобалардың мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.Жиналысқа аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның бөлімше бастығы Нұрғали Сейілбеков, мердігер компания өкілдері, бөлім басшылары қатысты. Жиын барысыенда «Сіздердің жобаларыңыздың іске асырылуы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік береді. Аудан әкімдігі тарапынан әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу басты мақсатымыз» деді Азат Әбдіғалиұлы.
Аудан басшысы жаңа жобалармен тынысып, ұсыныстарын тыңдап, құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың негізгі мәселелерін тыңдап бірқатар мәселелерді сала басшыларына шешу жолдарын қарастыру бойынша тапсырма берді. Айта кету керек, соңғы уақытта Ордабасы ауданында іске қосылған инвестициялық жобалар нәтижесінде көптеген жұмыс орындары құрылды.