ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қаратау аудандық Прокуратурасы және Шымкент қаласы Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, Пробация қызметі есебіндегі сотталған азаматтарды әлеуметтік ортаға, қоғамға бейімдеу және де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы кітапханада іс-шара өткізді. Сондай-ақ іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігінен және Жұмыспен қамту орталығынан жауапты қызметкерлер қатысты.

Қаратау аудандық Пробация қызметінде есепте тұратын қазіргі таңда тұрақты жұмысы жоқ азаматтар, қайта қылмыс жасауға бейімді сотталған азаматтар және әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, есептегі жүз сотталған азамат шақыртылып, іс-шараға қатыстырылды. Аталған азаматтармен кездескен прокуратура және пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізіп, сондай-ақ олардың құқықтары, міндеттері, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілігі, құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірді. Одан да бөлек әкімдік өкілдері мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерімен таныстырып, туындаған сұрақтарға жауап берді. Жұмыспен қамту орталығы өкілдері жұмыссыз сотталған азаматтарға квотамен белгіленген бос жұмыс орындар тізімін таныстырып кеңес пен жолдамалар , және мемлекет тарапынан берілетін арнайы курстар туралы мәлімет берді. Іс-шара барысында әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен сотталған азаматтардың тізімі Қаратау аудандық әкімдігіне қосымша тағы да нақтылана беріліп, тізімдегі сотталған азаматтардың отбасыларына азық-түлікпен және т.б. көмектер көрсетіледі. Алдағы уақытта есепте тұрған сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейiмдеу жұмыстары жалғасады.