БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АДАМГЕРШІЛІК – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Заманауи қоғамда патриот тәрбиелеудің зор маңызы бар. Патриоттық-қоғамдық орнықтылықты сақтаудың маңызы — рухани-адамгершілік факторы.Тәрбие отбасынан басталады. Адамда Отанға деген азаматтық сезімді, сүйіспеншілікті қалай тәрбиелеу керек? Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мәселенің көкейкестілігі негізінен төрт ережемен байланысты.

Біріншіден, біздің қоғам білімді,жоғары адамгершілігі бар адамдарды, тек білімді ғана меңгерген емес сонымен қатар ішкі әлемі сұлу жеке тұлғаларды дайындауды қажет етеді. Екіншіден, заманауи әлемде енді өсіп жетіліп келе жатқан кішкентай адам,өзін қоршаған түрлі күшті әсер ететін ортада дамиды. Олар оның мінез-құлқына позитивті де, негативті де әсер етеді. Бұл әлі толық интелекті қатпаған сәби сезіміне күнде еселеп ықпал етеді, өйткені олардың адамгершілік құндылықтары толық қалыптаса қоймаған. Үшіншіден, білім беру өздігінен адамгершілік бағытта тәрбиелеудің жоғары деңгейін беру кепілі емес, тәрбиелілік — бұл тұлғалық сапа, ол адамның күнделікті адамдарға деген сыйы, жақсылығы негізінде анықталады.Төртіншіден, адамгершілік біліммен қарулану өте маңызды, ол төменгі сынып оқушысын тәртіп қалыбымен хабардар етіп қана қоймай, ол қалыпты бұзған жағдайдағы тигізетін зиян жайында немесе қоршаған адамдарға тигізетін зардабы жайлы мәлімет береді. Жалпы білім беретін мектеп алдына өз ісіне өз бетінше жауап бере алатын жауапты азамат дайындау міндеті қойылған.
Осымен бірге патриотизм – бұл туған жерге, тілге, ұлттық дәстүрлерге деген табиғи байлану, үйреншіктілік. Патриоттық сезім қоршаған табиғат әсерінен, халық өнерінен және адамның тәжірбиелік еңбегінен пайда болады. Әрбір адамда Отанға деген махаббат өз уақытында өзінше көрініс береді. Алдымен нәресте әкесіне, шешесіне ұмтылады, өсе келе өз достарына, туған көшесіне, ауылына, қаласына байланысты екенін сезеді,өсе келе білім,тәжірибе жинақтау нәтижесінде өзінің туған Отанына тиісті екенін ұғады. Бастауыш сынып мұғалімдері жұмысында патриоттық тәрбие барлық кезде маңызды бағыттың бірі саналады. Ешкімге құпия емес баланың жеке басының патриоттық сезімінің тәрбиесі адамгершілік аумақ қалыптасуынсыз мүмкін емес,патриот адам белгілі бір этикалық сапаны меңгеруі тиіс. Көне философтардың айтуынша, «Патриот болу үшін, жақсы адам болу маңызды!».
Баланы тәрбиелеуде бастауыш сынып мұғалімдері бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келеді. Олар:
1. Балаларда адамгершілік сезімнің орнықты да берік болмауы;
2. Соңғы 20 жылда адамгершілік құндылықтардың өзгеріске ұшырауы.
Бұл түсініктердің қалыптасуына қоғамдық-әлеуметтік құралдар, ақпараттар әсер етеді. Онда да барлық кезеңде орнықты емес. Өз елін сыйлау,оның ұлттық әдет-ғұрпын, тарихын, мәдениет байлығын сыйлау кез келген тәрбиенің негізгі болып есептеледі.Әрбір өсіп тұрған шөп, орман, дала гүлі,самал жел лебі Отанымызды еске түсіреді. Біз өз еліміздің салт-дәстүрін, халықтардың ұлттық ерекшеліктерін сыйлап, сүйіп өстік.
Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие беру үрдісінің негізгі тірегі бұл жастағылардың келесі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бірінші — олардың белсенділігі. Әскери ойындар, туристік саяхаттар, түрлі спорттық жарыстар — бұлардың барлығы баланың белсенділігін талап етеді. Төменгі сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі адал достық және жолдастық сезімнен басталады. Бұл бос сөз емес, мұғалімдер және ата-аналар патриоттық сезімді енді ашылатын гүл сияқты аялап өсірулері тиіс. Үлкендерді сыйлау сезімдері: әкесіне және шешесіне, атасына, әжесіне, қарапайым, танымайтын адамдарға сыйластық патриоттық тәрбиеге көмегін тигізеді. Әрбір адам тұлға және жүрек жылылығы, бірін-бірі түсінушілік өз Отанын сүюге көмектеседі.
Бастауыш сыныптардағы жұмыстар мына бағытта жүргізіледі:
1.Тарихи-өлкетану бағыты. Адамгершілік қағидалардың маңызды бастауы — оқушылардың қоршаған ортамен танысуы. Қыркүйекте «Қала күні» іс-шарасы өткізіледі. Балалар үшін қалаішілік өлкетану мұражайында саяхаттар ұйымдастырылады. «Шымкент-менің кіші Отаным» тақырыбына сурет байқауы өткізіледі. Мектептегі тәрбие жұмысында баланың жеке тұлға ретінде отбасында қалыптасатынын есепке алмау мүмкін емес.Мектеп және отбасы – екі маңызды тәрбиелік-білім институты, бұл екеуі бір-бірін толықтырып, өзара бірлесе отырып жұмыс істейді. Осы мақсатта мектепте ата-аналармен үлкен жұмыс жүргізіледі.Жыл бойы отбасылық тәрбие бағыттарына байланысты сұрақтар, ата-аналар мен балалар арасындағы психологиялық арақатынастар, бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі және сабаққа қатысуы жайлы әңгімелер жүргізіліп тұрады. Жүйелі түрде ата-аналар жиналысы өткізіледі.
2. Әскери-патриоттық бағыты. Мектепте жыл сайын ерлік-патриоттық жұмыстар айлығы өткізіледі. Балалар қазақ ақын, композиторларының өлеңдерін оқып, жаттайды. 1 қазан — қарттар мерекесінде өз мөлтек аудандарының ата-әжелерін құттықтайды. Өздері жасаған кәдесыйларын сыйлайды. Мамыр айында Ұлы Жеңіске арналған онкүндік барысында түрлі іс-шаралар өткізіледі.Балалар әскери даңқ мұражайын аса қызығушылықпен тамашалайды.
3. Спорттық-патриоттық бағыты. Бұл бағыт бойынша «Анам, әкем және мен — спорттық отбасы», «Көңілді старттар», «Денсаулық күні» атты іс-шаралар өткізіледі. Бастауыш сыныптар үшін «Мен – Қазақстан азаматымын» атты бағдарлама жасалуы керек. Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуге жүйелі келуді қаматамасыз етуі тиіс.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Ойлау мәдениетін жоғары меңгерген оқушы тұлғасын дамыту;
• Жеке шығармашылыққа бейім оқушы тұлғасын қалыптастыру;
• Бөгде ойларға шыдамды, толерантты, әңгіме жүргізе алатын, мазмұнды келісім жолдарын іздеп таба алатын демократиялық қалыпты норманы дамыту.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
• Тәрбие үрдісін баланы тұлға етіп тәрбиелеу бағытына бағыттау;
• Ата-аналармен бірлесе отырып «үш одақты» (ата-ана, оқушы, мектеп) ұйымдастыру.
«Мен – Қазақстан азаматымын» атты бағдарлама міндеттерін жүзеге асыра отырып біз оқушыларды білімнің белгілі бір жүйесіне оқытамыз, іскерлік дағдыға үйретіп, білім алуды жалғастыра берулеріне дағдыландырамыз. Біздің бағдарламамызда тәрбие қызметіне ерекше көңіл бөлінген. Балалар бойында қоршаған ортаға, әлем құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру, басқа да адамдар арасында өз орын таба білуіне бағыттауға айрықша назар аударылады. Бұл бағдарлама шеңберінде жұмысты жоспарлай отырып баланың адамгершілік құндылықтарына қарай бағыт-бағдар беріледі. Дұрыс құрылған бағдарлама бала бойында Отан туралы алғашқы түсінік қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ержүрек, батыр, күшті, төзімді, адал, шыншыл, ұжымға, достарға сыйлы болуға үйретеді. Қазақстан тағдыры оның болашағы педагогтардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің қолында. Біз мынаны түсінуіміз керек, егер мектеп педогогтары оқушыларды ізденіске қызықтыра алмаса, онда ол мектептің өшкені. Адамгершілік-патриоттық тәрбиесіз баланы тәрбиелеуге болмайды, болуы да мүмкін емес…

Гульжахан Муслимовна Сеидашева,
«Абадан» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.