ШЫМКЕНТТЕ 147 МЕКТЕПТЕ ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ КӨТЕРІЛДІ
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі айтты. Бұған дейін қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторингтеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Осыған орай, қаладағы 143 білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Мониторингтеу нәтижесінде 135 мектебі «Қазақтелеком» АҚ-мен, 6 мектеп жеке компаниялар арқылы келісімшартқа отырғандығы анықталды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мектепте қайта конкурс жарияланған. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және барлық мектептердегі интернетті 150 мб/сек тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда, орта білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізілді. Қаңтар-ақпан айларында конкурс нәтижесі анықталып, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Айта кетерлігі, қоғамдық орындарды тегін Wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 10 қоғамдық орынға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, толық іске қосылды. 2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізіліп, Wi-fi нүктелері орнатылатын жерлер бектіліп, қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жүргізілді. Осы аталған 10 қоғамдық орындарға орнатылған «Wi-fi aimaq» модемдері толық іске қосылып, қаладағы қоғамдық орындардың тегін интернетпен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрады.
Жалпы Шымкентте «Kcell» АҚ тарапынан 5-G технологиясымен 72 базалық станция, ал 4-G технологиясымен 61 станция орнатылды. Сондай-ақ 60 станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Kcell» АҚ 100 базалық станцияға, 5G технологиясымен 218 станцияға және 4G технологиясымен 200 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар «Кар-Тел» ЖШС интернет сапасы төмен 26 базалық станцияға 4G орнатады, 20 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
2023 жылы интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Шалғайда орналасқан елді мекендер мен шағын аудандарды сапалы интернет желісімен қамту үшін басқарма тарапынан мобильді байланыс операторларымен бірлесе 2022 жылы интернет сапасы төмен 14 нүктеге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнату жұмыстарын жүргізді. Олар — Асар, Мартөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Достық, Ақтас, Ақжайық елді мекендері.
Биыл интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлап, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу мен инвесторлар тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Олар — Құрсай, Сәуле, Қызылжар, Құрсай (Агроферма), Орманшы, Қайнарбұлақ (саяжай), Ынтымақ-1, Оңтүстік, Қарабастау, Асар-2, Қайнарбұлақ (саяжай), Қайнарбұлақ (саяжай), Нұршуақ, Бозарық (саяжай аумағы), Береке, Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс), Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс), Достық, Игілік, Тұран, Достық (жаңақұрылыс), Пахтакор, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Наурыз, Достық (жаңақұрылыс), Асар-2, Пахтакор. Жыл соңына дейін аталған нүктелерде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Бұдан өзге, жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізіліп, тізімі бекітілілді. Оның ішінде 14 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілді. Олар — Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік е/м, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Наурыз және Мирас. Сондай-ақ қалған 6 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтар алынуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 210 000-ға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылады.