ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Қазіргі таңда тұрмыс тауқыметінің тасасында қалған құндылықтарды дәріптеуде, отбасы мүшелерінің жауапкершілігін түсіндіруде қоғамдық ұйымдар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Осы орайда мамандар мемлекеттің азаматтық қоғаммен жұмысы жалғастырып келеді.
Сондай іс-шараның бірі Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Ғаламат» ҚБ «Бақытты отбасы-бақытты жан» жобасын іске асыруда. Ал кезекті семинар кездесу №24 IT мектеп лицейде жалғасты. Ата-аналар, ұстаздар қатысқан семинар барысында психолог пен заңгерге көптеген сұрақтар қойылып толыққанды жауаптар берілді. Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Бақытты отбасы-бақытты жан» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі төрайымы Дана Маманова, қоғамдық бірлестік мүшесі Зәуре Оралбаеваның ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шара барысында «Ата-ананың қарым-қатынасы, баланың күйзелісі» тақырыбында сахналық көрініс көрсетілді. Отбасылық психолог Гүлсара Малғайдарова «отбасындағы өзара қарым-қатынас, психологиялық ахуалдан күйзеліске ұшыраған бала, оны қалай осы кезеңнен алып шығуға болады? Жолдары қандай?» деген сұрақтар арқылы топтық жұмыстар жүргізді. Ал заңгер Венера Нұрғалиқызы отбасының әр мүшесінің құқығының бұзылуы, қорғалуы туралы заң тұрғысынан сұрақтарға жауап берді. Отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері жайында педагогика ғылымдарының кандидаты, ардагер ұстаз Ұ.Ә.Есім және қонаққа шақырылған ұлағатты ардагер ұстаздар өздерінің құнды ойларымен бөлісті.