«ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЕҢБЕКҚОРЛЫҚҚА БАУЛУ МЕКТЕБІ

Студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыру, жастардың бойында Отанға деген патриотизмді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы №632 Қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілген.

«Жасыл ел» еңбек жасағаның мақсаты ауқымды. Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау. Демек жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту. Үшіншіден, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру — мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. «Жасыл елдің» туған күнін жұмыс маусымының ашылуын кеңінен атап өту, жастар арасында КВН турнирлерін, жазғы дискотекаларды және басқа да демалыстарды өткізу дәстүрге айналды. Жауынгерлер тек тазалық жұмыстарына ғана атсалыспай нашақорлыққа қарсы республикалық науқандарға, футбол, боулинг, бильярд, шахмат турнирлеріне, сондай-ақ спартакиада мен «Көңілді старттарға» қатысады. Ал енді қалай қатысуға болатыны туралы мәліметтерді ұсынсақ!
«Жасыл ел» жобасына жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жұмыссыз жастар қатыса алады. Жас ерекшелігі 18-35 жас аралығын құрайды. Жоба аясында жалпы қаламыз бойынша 500 жас қатысады. Әрбір жобаның қатысушысына 1 дана футболка, 1 дана бейсболка, 1 дана сөмке, 1 дана блокнот және 1 дана қаламсап және таратпа материалдар беріледі.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары 3 ай жұмыспен қамтылады. Жұмыс уақыты 4 сағат, ай сайынғы жалақы мөлшері 50 000 тенгені құрайды. Жоба соңында белсенді жұмыс істеген 30 жасқа қаржылай сыйақы тағайындалған.
Жұмысқа орналасу және шарт жасасу үшін «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы филиалдарына жүгіну қажет.
Әр аудан бойынша жауаптылардың тізімін ұсынамыз:
Әл-Фараби ауданы: Сырлыбаев Абай 8 700 323 40 40;
Абай ауданы: Бораш Лаура 8 700 360 96 00;
Тұран ауданы: Байжігітов Ерсұлтан 8705 319 07 25;
Еңбекші ауданы: Қуаныш Нұрлыислам 8 702 205 08 95;
Қаратау ауданы: Төлебай Бекзат 8747 829 73 03.