«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласында іске қосылған «Компания Kadi» ЖШС жұмысымен танысты. Баламалы энергия көздерін өндіру арқылы Жетісай ауданында таза энергия үлесін ұлғайту үшін 2,5 млрд теңге инвестицияға салынған болатын. Қуаты 4,8 МВт болатын «Жетісай күн электр станциясы» құрылысына белгіленген бұрышы бар таңертең-кешке бір ості трекер жүйесі қолданылып, жеке қуаты 375 Вт бифункционалды екі жақты панельдер пайдаланылған.
Бұрынғы қоқыс полигонының аумағында жүзеге асырылған 10,7 га аумақтағы станцияның өндірісі трекер жүйесін пайдалану арқылы 30 пайызға арттыруға, аудандағы электр энергиясының тапшылығын жоюға, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жасыл экономика» саясаты аясында жүзеге асырылып, ауданның индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін жоба атмосфераға СО2 шығарындыларын бұрынғы жағдайдан 2,5 есеге төмендетіп отыр.
«Электр энергиясы көзінің таусылмайтынын және қолжетімділігін атап өткен жөн. Бұл жобаның өтелу мерзімі 7 жылды құрайды. Желіге жоспарлы жыл сайынғы электр энергиясын беру – 7 219 000 кВт. Электр энергиясы 81 күн модулінен 158 жылжымалы «үстелге» бөлінген 12 798 күн панелімен генерацияланады. Тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіру үшін электр станциясында блоктық-модульдік қондырғыға біріктірілген. Әрқайсысының жеке қуаты 1 250 КВт 4 инвертор қарастырылған» дейді жобаны жүзеге асырушылар.