«АҢСАҒАН СӘБИ» 3800 ОТБАСЫНЫҢ АРМАНЫН ІСКЕ АСЫРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыру жасау үшін жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген.
Сол уақыттан бастап бүгінге дейін «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 4500 бала өмір есігін ашқан. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері бүгінге дейін 19 мыңнан астам әйелге экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізілген. Нәтижесінде 7 мыңнан астам әйел жүкті болған. 3800 отбасында 4500-ден аса нәресте дүниеге келген. Одан өзге тағы 2500 жүкті әйел бала тууды күтуде.