ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ СЕРІК ЕТЕДІ

Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан тұрғандарының 30,6 пайызы спортты серік ететіні айтылған. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бүгінде бұл сөрсеткіш 40 пайызға жеткенін мәлімдеді.

Ведомства басшысы Үкімет отырысында мұндай межеге жету үшін қандай іс-шаралар атқарылғанын баяндады. Өз кеегінде ол «Қазіргі кезде министрлік бұқаралық спортты дамыту үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып нақты жұмыстар атқаруда. Республикада жыл сайын 1,2 миллион адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын 25 мыңнан астам түрлі деңгейдегі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, фестивальдер, отбасылық жарыстар, жаппай коньки тебу кеңінен насихатталуда», — деді.
Сондай-ақ ол, республикада 7,5 млн-нан астам адам дене шынықтырумен шұғылданатынын жеткізді. Бұл жалпы халықтың 38,5 пайызын құрайды.
Бұл аз ба көп пе?
Салыстырмалы түрде айта кетейік, АҚШ, Канада сынды дамыған елдерде халықтың 60 пайызы спортпен шұғылданады. Көрші Ресей елінде халықтың 55 пайызы спортпен тұрақты айналысады.