БОРЫШКЕРЛЕР ТІЗІМІНДЕГІЛЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЕРЛЕР

Елімізде 117 мың адам борышкерлер тізімінде тұр. Алимент, салық, айыппұл мен несие төлеуден жалтарып жүрген олардың бәрі шетелге шыға алмайды.

Шетел асуға шектеу қойылған борышкерлердің жалпы қарызы 2 триллион теңгеден асады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабарлауынша тізімде тұрған 223 адам шетел азаматы.
Шетел асуға шектеу қойылғандардың басым бөлігі ер адам.
Өз кезегінде министрлік өкілдері шетелге шығар алдын кез келген азамат арнайы борышкер реестріне өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, тізімде бар немесе жоқ екенін тексеріп алуға кеңес береді.