НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

Шымкент жастарының белсенділігі жоғары. Жуырда 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі ғимаратында нашақорлықтың алдын бойынша кездесу өтті.

Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын ұстана отыра, жастар арасындағы нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу және жат қылықтардан аулақ болуға баулу. Кездесуде Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Жомарт Дөрбетхан қатысты. Олар есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ дін саласының маманы діни экстремизм жөніндегі ақпараттандыру жұмыстарына тоқталып, жат ағымдардан сақ болуға шақырды.
Жиын барысында «Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Ол адам өміріне ғана емес қоғамға қауіпті. Біз өздеріңізбен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, кездесулер, акциялар тіпті, спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат — салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтардан аулақ болуға шықырамыз» деді Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков. Айта кетейік, бүгінде орталығымыздың ұйымдастыруымен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе, білім беру мекемелері, жоғары және орта оқу орындарында тұрақты түрде кездесулер өткізіліп келеді.