АҒЫН СУДЫҢ АРНАСЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

Өткен аптада Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекені, сондай-ақ Қабланбек ауылдық округі Ақниет елді мекендеріне арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан ауыз су қоймаларының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді.

Сонымен қатар аудан басшысы су құбыры өтіп жатқан аталған елді мекендердің көшелерін арнайы аралап, жөндеу жұмыстарын бақылады. Бүгінгі таңда су қоймаларының қалыптары құйылып, бетін жабу кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс монтаж жұмыстары 70 пайызға орындалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деген жоспар бар. Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиістігін, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшыларына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Бұдан бөлек, аудан басшысы Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніндегі Келес өзенінің суы арнасынан шығуы себебінен, жарлардың құлау мәселе бойынша аталған елді мекенге арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс деңгейін тексерді. Сонымен қатар аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне су арнасын ретке келтіру үшін арнайы техникалық көліктері бар тұрғындармен бірге атқаруды тапсырды. Бүгінгі таңда Жаскешу елді мекенінде аталған мәселе бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жүзеге асып жатқан жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауында екенін де айта кеткен жөн.