САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОП ЖИНАП ЖАТЫР
Сарыағаштық диқандар ерте көктемнен бастап қызу іске кірісіп кетеді. Ауыл шаруашылығы айрықша дамыған ауданда бүгінде диқандар ерте пісетін картопты жинап жатыр. Мұның өзі маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасын тұрақты етуге таптырмас мүмкіндік беріп отыр. Осы тұста тарқатайық…
Бүгінде алғашқылардың бірі болып ауданға қарасты Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруа қожалығы иелігіндегі 3 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 центнерден өнім алып отыр. Биылғы жылы ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсіріліп отырса, оның ішінде 3 га жуық жерде картоп көкөнісі өсірілуде. Аудан шаруалары биылғы жылы мол өнім алуды жоспарлап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып жатыр.
Ауданның климаттық жағдайының қолайлы болуы себебінен, диқандарға голландиялық картоп түрінің тұқымын өсіру ыңғайлы болып келеді. Осыған орай, ең көп картоп алқаптары Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.