1 МЛН-НАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ

Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерілді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5%-дан 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Ағымдағы жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда» деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.
Сонымен бірге брифинг барысында комитет төрағасы еліміздегі 73 кәсіпорынның жұмыскерлерге төлемеген 1,4 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін де мәлімдеді.

«Уақыт».