ОРТАЛЫҚ 3500-ГЕ ЖУЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРгЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Былтыр Түркістан қаласында ардагерлер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ ерекше жағдайдағы азаматтарға қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын.

Орталықта 3 бөлім, яғни «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TEN QOGAM», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» жұмыс істейді. Өткен жылы орталық 360 адамға 6 бағыт бойынша 3 486 қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, «Әлеуметтік-медициналық» қызмет бойынша 2206, «Әлеуметтік психологиялық» қызмет 657, «Әлеуметтік құқықтық» қызмет 43, «Әлеуметтік ағартушылық» қызмет 165, «Әлеуметтік еңбек терапиясы» 46, «Әлеуметтік демалыс» қызмет 369 қызмет көрсетіліп отыр. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «TEN QOGAM» орталығында бүгінде 222 адамға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп келеді. Орталықтың қолдауымен 10 азамат жұмысқа орналасса, 49 адам арнайы кәсіпкерлік бағыты бойынша оқу курстарына қатысып, 11-і мемлекеттік грант иегері атанды.
Одан бөлек, орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімі жұмыс істейді. Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен психологиялық көмек, тұзды бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис, қосымша би, ән сынды үйірмелері ұйымдастырылған.