ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН ТҮЙТКІЛДЕРДІҢ ТҮЙІНІ АҒЫТЫЛУДА

Жетісай ауданы әкімінің бекітілген кестеге сәйкес жергілікті тұрғындармен кездесуін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Пірімбеков Жетісай қаласында өткізген болатын. Мақсат – өткен тоқсанда қала тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқылау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту ісінде қосымша ұсыныс-пікірлерді тыңдау.

Басқосуға бөлім басшылары мен тиісті мекеме мамандары қатысты. Кездесуді Серік Қонысбекұлы өткен тоқсанда жетісайлық жұртшылық тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен таныстырудан бастады. Қала тұрғыны Гүлнар Абилдаева қаладағы М.Горький мектеп-гимназиясы жанындағы көшелерді жарықтандыру, Жетісай қаласына оқушылар сарайын салу мәселесін көтерген болатын. Аталған мәселе бойынша Омаршаев, Жаштаев, Қалыбеков, Нарбаев көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамаларының жасақталып, қажетті қаржы көлемінің анықталғанын, бюджеттік коммисияға кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсынылатынын, оқушылар сарайын салу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Айжамал Қоңырбаеваның Жетісай өңіріне еңбегі сіңірген азаматтарға көше атауын беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қойылғандығын, сондықтан, көшеге атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген елімізге белгілі «Тарихи тұлғалардың» есімін беру ғана рұқсат етілгендігін түсіндірді. Осыған орай, аталған тізімге аудан өңірлерінен еңбегі сіңген азаматтарды енгізу бойынша ҚР өтініштерді қарау тәрітібінің ережелеріне сәйкес ұсыныс түскен жағдайда облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізіліп, аудан әкімдігі тарапынан облыстық салалық басқармаға аудан өңірлеріне еңбегі сіңген бірнеше азаматтарды аталған тізімге қосу туралы ұсыныс хаттар жолданған.
Ал ұзындығы 520 метрді құрайтын Малдыбеков көшесін асфальттау жайында айтылған Алшынбай Абихановтың өтініші бойынша орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында аудандық бюджеттік коммисияға өтінім жолданады. Сондай-ақ ұзындығы 1200 метрді құрайтын Жаштаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында да сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Аталған көшеге орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланса, Жамбыл көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Аудан тұрғындары тарапынан жиі айтылатын жедел жәрдем қызметін ауданнан басқаруды қайта қалпына келтіру бойынша да жауап берілді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында берілген тапсырмалардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина саласы қағазсыз құжат айналымына көшіру болатын. Жолдауда «Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы мединалық көмектін қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет» деп, денсаулық сақтау саласының мамандарына міндет жүктегенде белгілі. Жолдауда көрсетілген тапсырмасын басты назарға ала отырып жедел жәрдем қызметі «Облыстық жедел жәрдем станциясына» біріктірілді. Кешенділікті қамтамасыз ету және мединалық жәрдемнін сапасы мен қол жетімділігін жақсарту мақсатында емделушінің қажеттіліктеріне байланысты денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру саясаты жүргізілді. Орталық толықтай «Көмек» бағдарламасының автоматтандырылған басқару жүйесімен жұмыс істейді. Бұл жерде Call-орталығы жұмыс істейді. Барлық аудандардағы жедел жәрдем стансасының жұмысы осы орталықтың қадағалауында болады. Бұл дегеніміз, Түркістан облысының кез келген елді мекенінен жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың қоңырауы тікелей орталыққа қосылады деген сөз. Шақырту түскен жерге ең жақын бригаданы анықтап, науқас жайлы толық ақпарат жіберіледі. Осылайша алғашқы медициналық көмек жедел әрі сапалы көрсетіледі. Кездесуден соң Серік Пірімбеков қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, қосымша өтініштер мен ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Хаттамаға енгізіліп, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмаларды берді.