БИЫЛ МЕМЛЕКЕТКЕ 5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұзып берілген жерлерді қайтару бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ведомствоның міндеті — жыл соңына дейін мемлекетке кемінде 5 миллион гектар игерілмей жатқан жерлерді қайтару.
«2022 жылғы 9 тамызда Президент жер мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 7,45 млн гектар алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жоспарлады, оның ішінде егістік – 585,2 мың гектар, жайылым 6,86 млн гектарды құрайды» делінген министрлік хабарламасында. Сонымен қатар шамамен 3 млн гектар алаңда жерді пайдаланушыларға қатысты 900 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Нәтижесінде 1 млн 329 мың гектар бойынша жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 418 нұсқама енгізіліп отыр.
Бұл туралы министрлік хабарламасында
«Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдарға қатысты 103 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Әкімдіктердің ауыл шаруашылығы жерлерін беру туралы 118 шешімі заңсыз қабылданғаны анықталды. Биылдыққа 2 млн 929 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Қазір мемлекетке қайтару бойынша соңғы рәсімдер жүргізіліп жатыр, бұл өткен жылғы 430 мың гектар қалпына келтірілген жерлерге қарағанда 7 есе көп. Бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр» делінген.