ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІН СӨНДІРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жыл сайын әлемде мыңдаған гектар орман алқабы өртке оранады. Мұның сол аумақтың флорасы мен фаунасына кері әсер ететіні де белгілі. Сондықтан табиғат қорғаушылары жыл сайын жаз мезгілі қарсаңында дабыл қағып, орман өртін болдырмау мақсатын көздейтін бастамалар мен шараларды ұйымдастырып жатады. Мұндай игі шара Түркістан облысында да жалғасын тапты.
Ашып айтсақ, Түркістан облысында «Сайрам-Өгем МҰТП» РММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Жиынға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаментінің және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман иеленуші мекемелерінің мамандары қатысты.