«ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ» АРҚАСЫНДА 85 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Демеушілерді қайырымдылыққа тарту және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін «Қамқорлық» бағдарламасы жалғасып жатыр. Бастама Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Бағдарламаны облыс әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Amanat партиясының Түркістан облыстық филиалымен бірге жүзеге асырып келеді.

Бағдарлама іске қосылған 2 жылдың ішінде облыста 2,7 мың отбасыға 825 млн теңгеге демеушілік көмек жасалған. Жаны жомарт жандардың қолдауымен 85 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Екі әлеуметтік жағдайы өте қиын 2679 отбасының 1036-сы (38,7%) дағдарыс деңгейінен шығарылды, 630 отбасы қанағаттанарлық деңгейге өтті. Жұмыспен, медициналық көмекпен қамтылғандар да бар. 2021 жылдың өзінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 1036 отбасына 308,5 млн теңгеге демеушілік қолдау көрсетіліп, 33 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Биыл 1500-ге жуық отбасыны осы бағдарлама арқылы әлеуметтік қолдау көзделіп отыр. Осылайша облыс әкімі бастамашы болып, тапсырмасымен құрылған бағдарламаның игілігін ел көріп келеді.