ТҮРКІСТАНДА ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ КӨТЕРІЛГЕН

Қазақстанда такси қызметі бір жылда 7 пайызға қымбаттаған. Такси бағасы республиканың Түркістан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында айтарлықтай өскен. Ал Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен елордада баға айтарлықтай өзгермеген. Ағымдағы жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан такси қызметі қымбат елдер рейтингісінде 108 мемлекеттің арасында 96-орынға ие. Бұл туралы energyprom.kz жазады.

Стандартты тариф бойынша таксимен 1 шақырым жол жүру құны ел бойынша орташа есеппен 0,35 долларды құраған. Дамыған Швейцарияда бұл көрсеткіш 4,15, Жапонияда 3,49, Сальвадорда 3 АҚШ долларына тең.
Рейтингте ТМД елдері арасында такси қызметі Қазақстанға қарағанда Украина, Молдова, Армения және Өзбекстанда арзандау.
Биыл қаңтарда такси қызметінен түскен кіріс 324,7 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға артқан. Сектордағы ең жоғары кіріс Қарағанды облысында тіркелді (142,2 млн теңге). Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікке елорда мен Алматы енді.
2022 жылғы қаңтарда такси қызметін 161,5 млн жолаушы пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға көп. Зерттеулер бойынша такси қызметін ең көп пайдаланатын үштіктер тізімінде жолаушылар Алматы қаласы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары екенін анықтаған. Ал такси қызметін ең аз пайдаланатын өңір Ақмола облысы болған.