КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ КҮРТ КӨБЕЙДІ

 

Қазақстанда коронавирустың таралуы дендеп барады. Кешегі дерек бойынша бір тәулікте 9122 адамнан коронавирустың оң нәтижесі анықталған. Бұл елімізде індет тіркелген уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш. Елдегі эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты еліміздің Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қызыл түске боялды. Ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары «сары» аймақта. «Жасыл» түсте тұрған өңірлер тізіміне Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Жағдайдың бұлайша нашарлай түсуіне елде омикрон штамының тіркелуі себеп болып отырғанын айтады мамандар.
Еске сала кетсек, 11-қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі елімізде «Омикрон» штаммы тіркелгенін мәлімдеген болатын.