ЖОЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Биыл Төлеби ауданында 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 78,8 шақырымды құрайтын көшелердегі орташа жөндеу жұмыстары «2020-2022 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстары бойынша» бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес атқарылды.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ауданда ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша 27 жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен 22 нысан іске асуда.
Осы жылы жолда атқарылған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 63,2-ден 73 пайызға жетеді.