ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН

Осындай тақырыппен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Сауран ауданы, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде фото және кітап көрмесін ұйымдастырды. 

Шарада өскелең ұрпаққа музей өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттауды мақсат еткен көрмеде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық тарихи жәдігерлер жайлы мағлұматтар беріліп, деректі, мазмұны терең құнды кітаптар таныстырылды. Көрмеге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар және оқушылар қатысты.
Басқосу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Т.Оразов «Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз», экскурсовод Қ.Нұрахметова «Тәуелсіздік-ел тұғыры» тақырыбында лекция оқып, оқушыларға Тәуелсіздік пен Түркістан ұғымдарының кешегі, бүгінгі және болашақтағы маңызы туралы әңгімеледі.
Кездесу аясында оқушылар да өзіндік пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға тарихи мұраларды сақтау, қорғау, олар жайлы деректерді зерттеу мәселелері бойынша сауалдар жолдады.