ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ЖӘРДЕМІ КӨП БОЛДЫ

Түлкібаста «Алтын күз – 2021» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Аудан әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкеде 22 тонна картоп сатылды. Ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары тұрғындарға нарық бағасынан 15-20 пайыз арзанға босатылды. Жәрмеңкенің мақсаты – шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну.
Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді. Жәрмеңкеде көкөніспен қатар, қарбыз, ет, балық және сүт өнімдері пышақ үстінде кетті.