РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Күні бүгінге дейін Түркістан облысында 894 адам ревакцинация алды. Атап өтерлігі, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Бұған дейін «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар 6 ай уақыт өткенде, ал «Спутник V» вакцинасын салдырғандар 9 айдан соң вакцинаның кез келген өзге түрін қабылдауына болады.

Түркістан облысында барлығы 1030202 адам екпе қабылдаған. Екінші компонентпен 982666 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 958 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 9 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 146 678 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 680 орын бар. Оның 491-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 674 жағдай тіркелді. Олардың 7731-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.