РУХАНИ БАСТАМА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде «Алаш арыстары» ескерткішінің лентасы қиылды. Ұлт үшін өмірін күреске айналдырған көшбасшылар мен қайраткерлер бейнеленген ескерткіштің бой көтеруіне жергілікті әкімдіктің қолдауымен меценат Бекет Тұрғараев мұрындық болған.
Салтанатты іс-шараға Мәмбет Қойгелді, Қуаныш Айтаханов, Сауытбек Әбдірахманов, Нармахан Бегалыұлы және өзге де елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты. Олар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл рухани маңызды бастаманы жоғары бағалады.
Сондай-ақ осы күні меценат Бекет Тұрғараевтың қолдауымен «Анаға тағзым» және Қажымұқан балуанға арналған ескерткіштердің де ашылу салтанаты өтті. Даңқты балуанның 150 жылдығына арналған ескерткішке және ананың мейірімі суреттелген өнер туындысына қонақтар оң бағасын берді.