ТОЙХАНА МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ
Келес ауданында бұрынғы «Нұр» тойханасы мектепке айналды. Нысан иесі Досжан Ескендиров бизнес бағытын бұлайша өзгертуге пандемияға байланысты тойлардың өтуіне уақытша тоқтау болып отырғанымен байланыстырады.
Әу баста той өткізуге салынған ғимарат аз уақыт ішінде балаларға білім беретін нысанға ыңғайластырылған. Атауы да «Нұр бала» болып өзгертілген. Сөйтіп 300 орынға лайықталған ақысыз бастауыш мектеп ретінде жұмысын бастап кеткен.
Бүгінге дейін Келес ауданы бойынша 5 тойхана пандемияға байланысты бизнестегі бағытын өзгертіп, бірі кәсіпорынға, тағы бірі мектеп ғимаратына айналған.