ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ КӨПКЕ ОРТАҚ
Төлеби ауданының тұрғыны Самат Бижановтың шеберлігі көпке ортақ. Қолөнерші, темір ұстасы болып табылатын ол облыстың абаттануына септесін болып келеді. Атадан балаға мирас болған ұсталық өнерді жетік меңгерген шебер кәсіпкерлікке бет бұрып, қолынан келетін іс арқылы ілгері басып келеді.
Ол сегіз жылдан бері түрлі көше орындықтары мен темір қоршауларды дайындайды. Қолынан шыққан өнімдерін Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Алматы, Көкшетау қалаларына жөнелтеді. Бүгінде оның басқаруындағы металл өңдеу цехында 15 жергілікті тұрғын жұмыс істейді.
Ол жерде тапсырысқа сай ұлттық нақыштағы орындықтар, қоқыс жәшіктері дайындалады.