ӨНІМДЕРІ ДЕЛСАЛСЫЗ ЖЕТЕТІН ДҮКЕН
Былтырдан бастап елімізде ауылшаруашылық тауарын өндіретін өндірушілерді қолдау мақсатында «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты жоба қолға алынған болатын. Аталған жоба Шымкентте ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асқан. Жобаның тиімділігі тауар өндірушілер өз өнімдерін дүкен иесіне ешқандай делдалсыз еркін саудалай алатындығында.
Бүгінде аталған жоба аясында ісі ілгері басып отырған кәсіпкердің бірі «Қасқасу С» шаруа қожалығы. Аталған шаруа қожалық қала тұрғындарын құнарлы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Шымкенттегі Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан қожалық мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып қалада 2 әлеуметтік дүкен ашты. Осылайша шаруашылықта өндірілген өнімдер делдалсыз тұтынушыға тікелей жеткізілуде.
Бүгінде шаруақожалықта 1200 бас бұқашық бордақылануда. Өткен жылы 330 тоннаға жуық ет өндірілген.
Қазіргі таңда шаруашылық бордақылаумен қоса 600 басқа арналған асыл тұқымды сүтті бағыттағы тауарлы сүт фермасын құруды жоспарлауда. Құрылыс нысаны ағымдағы жылы басталып 2022 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылмақ. Бұған жұмсалатын инвестициялық салым 2,3 млрд. теңгені құрайтын болады.