«БАЛЛ ТЕКСТИЛЬ» – ҮЗДІК ҰЙЫМ АТАНДЫ

Үшінші мегаполисте «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттар анықталды. Жомарттық, қамқорлық пен қайырымдылыққа екпін берілетін шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. «Жомарт жүрек» лауреаттары анықталатын шараға қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол туған жерді түлетуге өзіндік қолтаңба қалдырып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген қайырымды жандарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тарту етті.

Осы жылы қала деңгейінде ұымдастырылған «Жомарт жүрек» байқауына төрт ауданнан 33 азамат ұсынылған. Оның ішінде 20-сы түрлі номинациялардың иегері атанды. Ал қалалық кезеңнің қорытынды марапаттау сәтінде 5 азамат құрметке бөленді. Сонымен «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын «Балл Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иеленді. Марапат серіктестіктің директоры, кәсіпкер Талғат Исхаховқа табыс етілді. Ал «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы ерікті Асан Жазира Тілеубергенқызына берілді. «Туған өлке» номинациясына кәсіпкер Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы лайық деп танылса, «Жыл тұлғасы» номинациясын кәсіпкер Наимбекова Айжан Ізбасханқызы алды. «Жомарт жүрек» байқауының «Жыл меценаты» номинациясы кәсіпкер Төлбасов Серік Қарабекұлына табысталды.