ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ШЫҒЫНЫ ҚАНША?

Жамбылдағы жарылыстың шығыны 2,4 млрд теңгені құрап отыр. Бірақ бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін. Жарылыс шығынын есептеу үшін құрылған арнайы жұмыс тобы 35 нысанды ғана тексеріп үлгерген. Әлі де тексерілетін нысандар бар. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП жазады.

Жарылыстан зардап шеккен объектілерді тексеру және қалпына келтіру үшін құрылған арнайы комиссияның құрамында құрылыс басқармасының, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, жобалау ұйымдары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері бар. Олар Алматыдан арнайы компания өкілдері келіп, жарылыс шығынын есептеп жатқанын алға тартады. Алдын ала есепке сәйкес, бизнес нысандарының шығын көлемі 890 млн. теңгені құрап отыр. Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Сәдуақасов тексерілген 35 кәсіпкерлік нысанның қатарында жанармай құю станциясы, екі қонақүй кешені, көкөніс қоймасы, медициналық пункт және автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясы, дүкендер бар екенін 23 жеке үйді қалпына келтіру керек екенін, ол үшін жалпы сомасы 720 млн үйлерді қайта салуға және 300 млн теңге үйлерді жөндеуге қажет екенін, бұл да шығынды алдын ала есептеу арқылы берілген сома екенін алға тартады.

«Уақыт».