ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҮЙ ГАЗ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Қызылсеңгір ауылындағы — 267 үй, Тұғыртас ауылындағы – 32, Заңғар ауылындағы — 166, Қақпақ ауылындағы- 868, Сырлысай ауылындағы — 98 және Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылындағы — 292 үй газ жүйесіне қосылды.
Енді жиырма мыңнан аса адам табиғи газды пайдалана алады. Ауылдағы тұрғындарды от жағып, күл шығару азабынан құтқарған газ тарту жұмыстары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы бойынша өндірістік филиалының басшысы Шалқар Омарбеков «Бұл елді мекендерге газ» Қақпақ » автоматты газ тарату станциясынан арнайы газ таратушы құбыры арқылы берілетін болады. Бүгінгі таңда «Қақпақ» автоматты газ тарату станциясы (АГТС) алты ауылды тарату желілеріне қоса алады. Жалпы алғанда бұл шамамен он мың тұрғын», — дейді.
Өткен аптада іске қосылған «Таскескен» газ тарату станциясы Сарыағаш ауданының тоғыз елді мекенін және Келес ауданының екі елді мекенін көгілдір отынмен жабдықтайтын болады.
Жалпы, өңірде 843 елді мекен бар болса, онда 1 983 967 тұрғын тұрады. Оның ішінде жалпы халқы 389 400 адам болатын 7 қала және 1 594 567 тұрғынды құрайтын 836 ауыл бар.