Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-жаңа ғасыр көшбасшысы !
ҚазҰУ – Қазақстанның жетекші көпсалалы ұлттық университеті. 1934 жылы өз іргетасын қалаған қара шаңырақ биыл 87 жылдық тарихқа ие болып отыр. Бұл оның халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейін, заманауи отандық және жаһандық экономика талаптарына сәйкестігінің дәлелі. Бүгінгі таңда ҚазҰУ тек Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы жоғары оқу орындары арасында ғана емес, халықаралық рейтингтерде де жетекші орынға ие. Өйткені Университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, халықаралық ғылым және білім кеңістігінде өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.
Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады.
Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Біз бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құрамыз.
Сонымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-бұл:
* Университет кампусында заманауи оқу корпустары, ғылыми инфрақұрылым, ең үлкен кітапхана, 3000 студентке арналған интернет-Орталық, фудкорт, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, өз білімін жалғастырушы магистранттар мен докторанттарға арналған «Жас ғалымдар үйі» және студенттерге арналған заманауи талапқа сай жатақханаларда орын беріледі.
* 86 мамандық бойынша 16 факультетте магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігімен жоғары білім (бакалавриат). Оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын.
* Жоғары және арнайы орта білім негізінде екінші жоғары білім. Оқыту түрі-күндізгі және қашықтықтан жүзеге асырылады.
* Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бойынша білім алу.
Университетіміздің негізін қалап, өркениетті дамуында біздің «Экономика» кафедрасының үлесі мол. Алғашқы атауы саяси экономия болған экономикалық теория кафедрасы Университетттің алғашқы құрылған кафедралар қатарына кіреді. Ол 1934 жылдың қыркүйек айында құрылған және қайта құру (трансформация) бағдарламасы шегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Экономика» кафедрасы деп қайта құрылды.
Бүгінгі таңда біздің кафедрамыз экономика саласындағы білікті және жетекші түлектерді тәрбиелеуде. 2009 жылдан бастап ТМД және ШЫҰ Желілік университеті аясында Ресей халықтар достастығы университетімен бірігіп экономика мамандығы бойынша магистрлерді дайындау қос дипломды бағдарламасы жүзеге асырылуда яғни, жас талапкердің магистратура білімін алуда бірден екі диплом алып шығуға мүмкіндігі бар.
2014 жылдан бастап Ғылым Ордасымен бірігу аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты бірлесіп Экономика бағдарламалары бойынша магистрлер мен PhD докторларды дайындайды.
Студенттік өмір қызықты және мазмұнды өтеді. Біздің студенттер оқуды, сондай-ақ бос уақытын біріктіре алады. Студенттер университет, факультет және қала деңгейіндегі түрлі акцияларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, қалалық сенбіліктерде, есірткіге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларда, «Экономисттер күні», Білім күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз мерекесіне және басқа да арналған іс-шараларды ерекше атап өтеді.
Студенттер Алматы қаласындағы балалар үйлеріне барып, «Балаларға күлкі сыйла» Қорына демеушілік көмек көрсетеді. Сондай-ақ, университеттің құрылымдық бөлімшесі – Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімге кіретін барлық студенттік ұйымдардың, сондай-ақ қызығушылық бойынша клубтардың бірлестігі болып табылатын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар Ұйымдары Комитеті жұмыс істейді.
Экономика мамандығы студенттерінің және біздің кафедрамыздың атқарып жатқан әлеуметтік тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстары туралы қосымша ақпараттар kaznu.kz және инстаграм парақшамыз @kaznu_economics әлеуметтік желілерінде жарияланып тұрады.
Егер сіз сапалы білім алғыңыз келсе, сұранысқа ие маман болып, болашаққа сеніммен қарағыңыз келсе, бізге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіңіз. Өз таңдауында жаса, Жас талапкер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Даулиева Ғ.Р.- э.ғ.к., профессор м.а.
Акбар М.Қ-«Экономика» мамандығының 4 курс студенті