ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ЖЕТІСАЙДА ЖИНАЛДЫ

Түркістан облысы бойынша ерте көктемде егілген қырыққабаттың алғашқы өнімі жиып, терілді. Беларусь мемлекетіне экспортталатын өнімдерді Жетісай ауданы, Әл-Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында 10 гектар жерге еккен болатын.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазады. Өз кезегінде «Әл Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат «Қыста шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектарына қырыққабаттың ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өндірілген. Жер анадан бел бүгіп терген еңбегіміз толық ақталып отыр»,- деді.
Жалпы биыл Жетісай ауданы бойынша 1 080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген. Ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов былтыр аудан диқандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндіргенін алға тартады. Биыл аудан диқандары 78 500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінге дейін олар дейін 1 300 гектарға көкөніс, 10 мың гектар аумаққа бақша дақылдарын егіп үлгерген.

«Уақыт».