Көгал аумағы артады
Көктемнің керемет мол шұғылалы сәуір айының алғашқы күндерінде Жартытөбе ауыл округіне қарасты Жартытөбе, Бабата, Аққолтық ауылдарында көшелерде, қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ауылды көркейту көгалдандыру мақсатында, парктерге, аллеяларға, әулие маңайына мың жарымға жуық жеміс ағаштары, декоративті ағаштар, гүл көшеттері отырғызылды. Игілікті шараны ауыл әкімі Болат Есенқабыл ұйымдастырып, аудандық мәслихат депутаттары Нұржамал Майусова, Елдос Қабылбекұлы жергілікті актив, ардагерлер, ауыл белсенділері өз қолдарымен тал көшеттерін отырғызды. «Ауылым алтын бесігім» демекші, әр азамат өзі туып өскен, өмір сүріп жатқан ауылының көркейіп көгалдануына атсалысқаны азаматтық борышы. Еңбек рәтті болсын, ауылдарыңыз көркейе берсін жартытөбелік ағайындар!