ОҚУШЫЛАРҒА «ТOLEM» КАРТАСЫН АЛУ ҮШІН ТЕЛЕГРАМ-БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкентте оқушылар мен студенттерге «Төлем» картасын алу үшін телеграм-бот (t.me/TolemCardRegisterBot) іске қосылды. Телеграм-бот арқылы мектеп оқушылар мен студенттерге арналған «Төлем» картасын алу үшін қажетті мәліметтер жөнелту қажет.
Жолданған деректерді модератор тексереді. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса өтініш берушіге карта құнын төлеу үшін «Kaspi.kz» қосымшасына өту сілтемесі келеді. Картаны жасау мерзімі 7-10 күнді құрайды. Картаның дайындығын +77752139746 WhatsApp нөмірі немесе https://tolemcard.kz/ веб-сайтына ЖСН енгізу арқылы тексере аласыз. Дайын болған картаны азаматтар қаладағы «Төлем» фронт-кеңсесінен (Әл -Фараби алаңы №9, Айбергенов көшесінің қиылысы) алады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігі 1-сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қоғамдық көліктерде жолақысын қолма қол төлеу 100 теңге болатынын ескерткен. Ал «TOLEM» карталары болған жағдайда жолақы үшін 35/50 теңге алынады. Шымкентте 220 мың оқушы, 100 мыңға жуық студент бар. Осы айдың басындағы жағдай бойынша олардың 10 пайызы ғана «TOLEM» картасына өтініш білдіріп, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.