ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚҰЛАН-ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

Туберкулез тамшы арқылы берілетін жұқпалы ауру. Туберкулезбен ауыратын науқаспен күнделікті қарым-қатынаста болғанда жұқтыру қаупі жоғары болады. Нашар желдетілетін үй-жайда да туберкулезді жұқтыру оңай. Кейде инфекция көзi бактерия бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар болып табылады. Алайда науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы ауырмайды. Себебі туберкулезбен ауыратын барлық науқастар бактерия бөлуші болып табылмайды. Науқастардың бip бөлігі сыртқы ортаға бактерия бөлмейді және айналасындағыларға қауіп төндірмейді.

Туберкулездің пайда болуына дұрыс тамақтанбау, темекі тарту, алкогольді ішімдік ішу, күйзеліс факторлары көп әсер етеді. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясы, қант диабетi, тыныс алу органдарының бейспецификалық аурулары сынды қосымша аурулары бар ағзаға да өкпе құртының қону қаупі жоғары.
Аурудың белгілері бірнеше. Атап айтқанда, жөтел, қақырық бөлінумен жөтелу, тез шаршау, әлсіздік, асқа тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, салмақ жоғалту, тершеңдік, дене қызуының 37-37,5 градусқа дейін көтepілуі.
Егер адам бойында екі апта ішінде аталған белгілердің ең болмағанда бipeyi болған жағдайда, емханаға барып, дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Тыныс жолдарының туберкулезіне күдіктенген жағдайда пациенттен қақырық зерттеуге алынады және көкірек қуысын рентгенологиялық жолмен тексереді. Қазіргі таңда медицинада заманауи тексеру әдістерінің арқасында туберкулездi екі сағат пен екі тәулік iшiндe анықтауға қол жеткізілген. Бұл өз кезегінде науқасқа дер кезінде дұрыс емдеу схемасын тағайындауға мүмкіндік береді.
Дерт дер кезінде анықталып, тағайындалған емді дұрыс ұстанған кезде туберкулез толығымен емделеді. Бактерия бөлетін пациенттер туберкулезге қарсы орталықтарда міндетті түрде оқшауланып емделеді. Пациенттер емдеуді сәтті аяқтағаннан кейін туберкулезге қарсы орталықтың орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының медициналық қорытындысына сәйкес оқуға немесе жұмысқа шығуга құқылы.
Елімізде туберкулезді емдеу ушін әлемде аурудың осы түріне қарсы колданылатын барлық препараттар қолжетімді. Қазақстанда жоғары тuімдi болып табылатын және қысқа мерзімде толық емдеуге мумкіндік беретін туберкулезге қарсы препараттар енгізілген. Туберкулезден емделудің басты шарты емдеу курсы толық аяқталғанға дейін дәріні үздіксіз қабылдау болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде осы дертпен сырқаттанғандарға жергілікті бюджет тарапынан пациенттер үшін ақшалай жәрдемақы түрінде тұракты әлеуметтік колдау көрсетіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда туберкулезді диагностикалау мен емдеу тегін жүргізіледі.

Г.ТІЛЕГЕНОВА,
ТО ҚДБ «Облыстық фтизиопульмонология
орталығы» ШЖҚ МКК №IV терапия бөлімінің меңгерушісі.