«АЛТЫН, КҮМІС ТАС ЕКЕН» ДЕСЕ ДЕ…
Әсемдікті сүйетін қыз келіншектер үшін ақжолтай жаңалық. Шымкентте «Зергерлік бұйымдар – 2021» жәрмеңкесі басталды. Қаланың «Көрме» орталығында өтетін жәрмеңке 13-ақпанға дейін болады.
Жәрмеңкеде еліміздегі алтын, күміс сынды бағалы тастардан зергерлік бұйымдарды өндіретін және сатумен айналысатын компаниялар, дүкендер, сауда орындарының зергерлік бұйымдары кеңінен таныстырылады. Жәрмеңкеге қатысатын ROZA GOLD, Aiaulym Gold, Tomiris collection, Zepter, Labro_dom, Aizado silver, KAZAKHUVELIR, ALEM_GOLD. KZ, Икрамжан Мұхамеджан, Әшірбек Желдібаев сияқты жәрмеңке қатысушылары өнімдерін жарнамалап қана қоймай, өз өнімін сатуға мүмкіндік алады.
Қазақта «арпа бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген сөз бар. Десе де біз ас қадірін жоғары қоя отырып, әсемдікті де бағалай білетін халық болғандықтан арагідік зергерлік бұйымдармен өзімізді бір сәт «еркелетуді» хош көреміз. Өзіңізге немесе жақыныңызға шеберлер мен ұсталардың бар зейінін салып жасаған бұйымдарын сыйға тартқыңыз келсе «Көрме» орталығына бет алыңыз. Жәрмеңке күндізгі сағат 11:00-ден басталып, кешкі 18:00-ге дейін өтеді.