ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ӘЙТЕНОВТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Шымкенттегі «Ынтымақ-2» шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы 7,6 шақырым, ені – 43 метр болады. Мердігер мекеме «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс 2017-2021 жылдары аралығын қамтиды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби көшесі жалғасы құрылысының барысын бақылады. Құны 3 595,9 млн. теңге болатын жобаның бүгінде 2 574,6 млн теңгесі игерілген. Биыл 791,2 млн. теңге қаржы қаралған. Қажетті қаражат көлемі 229,9 млн. теңге.
Қазіргі таңда 6,6 шақырым жол жамылғысы, арық жүйесі мен аяқжолдар құрылысы аяқталды.
Айта кетсек, 2021 жылы қалада жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 120 нысаны немесе 226,3 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. 8 нысан немесе 26,8 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі нысандар.