БЫЛТЫР 6000-НАН АСА ОТБАСЫНДА ҚОНЫСТОЙ БОЛДЫ
Былтыр Түркістан облысында 750 мың шарты метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал негізгі жоспар 600 мың шаршы метрді құраған. Межеленген жоспар артық орындалған. Осылайша аймақта 6000-нан астам отбасы қоныс тойын тойлаған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласындағы 12 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, 660 отбасы пәтерлі болған. Баспаналы болғандардың арасында үй кезегіндегілер мен несие алған тұрғындар да бар. Облыс бойынша баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұрған 800 отбасыға пәтер берілген. Оның ішінде Кентау қаласынан 600 пәтер, Түлкібас ауданынан -24 пәтер, Шардара ауданынан – 80 пәтер, Сарыағаш ауданынан – 90 пәтер тапсырылған.
Бұдан басқа, аудан, қалаларда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі нарықтан мемлекеттік бюджет есебінен 400-ге жуық пәтер сатып алынған. Жыл қорытындысы бойынша барлық баспаналар тиісті азаматтарға тапсырылған.
Сонымен қатар аймақта жеке тұрғын үй құрылысына 2617 жер телімдері бар аумақтарға су, электр және газ құбырлары толық тартылған. Бұл облыс көлемінде жер кезегінде тұрған азаматтарға бөлінді.
Жергілікті билік биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.