ҚОРДАҒЫ ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ҮЗІНДІ КӨШІРМЕНІ АЛУДЫҢ ТӘСІЛІ ҚАНДАЙ?

Ел тұрғындарының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, денсаулық жағдайын түзеуге немесе жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану мүмкіндігі жолға қойылғаны белгілі.

Тек қордағы қаржы жас ерекшелігіңізге сәйкес белгіленген жеткілікті шектен асуы тиіс. Азаматтар өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексеру үшін БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн түрде ала алады. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпарат қамтылады.
Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе ЖСН мен парольді енгізу.
Сондай-ақ, өз жинағыңыздың жай-күйін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштаңыздың мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы да тексере аласыз.
БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады.
Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз.