«NUR OTAN» — НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ПАРТИЯСЫ ЕКЕНІН СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 25 қарашасында өткен партияның ХХ съезінде «Осы жылдар ішінде партия аянбай жұмыс істеді. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Сапарымыздың жетістігі болып саналады» деп ел тарихында партияның алар орны ерекше екенін атап өткен болатын. Ел тәуелсіздігіне келер жылы 30 жыл толғалы отыр. Сол ширек ғасырдан астам уақыт ішінде партия — Елбасымыздың саяси тірегі, ел тағдырымен байланысты игі істердің бастамашысы және оларды жүзеге асырудың қозғаушы күші болып келеді.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында партияның аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев мырзамен сұхбаттасқан едік.

– Құдірет Ибадуллаұлы, партияның ел қоғамында алатын орны ерек екенін айтып жүрміз. Өзіңіз бұл туралы тереңірек тоқталып өтсеңіз.
– «Nur Otan» халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партия өзінің құрылған күнінен бастап 20 жылдан астам ішінде адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Партияның негізін қалаушы, көшбасшысы Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз орнықты даму үстінде.
Осы жылдар ішінде еліміз үшін ауқымды өзгерістер мен жетістіктер кезеңі болды. Мемлекетіміздің имиджін толығымен өзгерте алдық. Мемлекеттің әр жетістігінде біздің партияның да қосқан үлесі орасан. Партия доктаринасы оның ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан- 2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің орнымызды айқындайды.

– 2019 жылы 27 ақпанда партияның XVIII съезі өткен еді. Аталған съезде партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаның орындалуы жайлы не айтасыз?
– «Nur Otan» нақты істер партиясына айналды. Біз өзіміздің стратегиялық құжаттарда, соның ішінде Партияның 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы мен Партияның 2016 жылғы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында алға қойылған барлық міндеттерді табыспен орындап келеміз. Партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Сол кезде «Қазақстан – 2030» стратегиясын қолдау үшін қоғамымыздың барлық сындарлы күштерін біріктірген демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды. Ал, алдағы онжылдық біз үшін Ел игілігіне арналған бұдан да белсенді жұмыс кезеңіне айналады. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы Барша халық үшін бақуатты қоғам құруы, еліміздің әрбір тұрғынында жайлы өмір сүруі, өркендеуі әрі дамуы және өзін-өзі танытуы үшін барлық мүмкіндіктер болады.
1. Белсенді әлеуметтік саясатқа көшу;
2. Әр адамды қолжетімді болашақтың білімімен қамтамасыз ету;
3. Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру;
4. Жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі;
5. Қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау;
6. Азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау;
7. Азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру;
8. Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру;
9. Жастарды қолдау – үлкен мүмкіндіктер буыны;
10. «Nur Otan» партиясының ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамсыз ету.
Партияның жетістігі, ол ел халқының жетістігі. Бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс жандана түсуде. Партия Президенттің Қазақстан халқына жолдауының және елдің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуына тұрақты түрде мониторинг жасайды. Біздің партия елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастырылады. «Nur Otan» 2030 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытын тұтастай қарастыруды, Үкіметпен, әкімдермен және Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі фракциямен және барлық деңгейдегі мәслихаттармен бірлесе жүзеге асырады. Мемлекеттің дамыған елдер қатарына кіруі үшін реформалаудың сыннан өткен әрі тиімді тәсілі болып табылатын Бес институционалдық реформада негізделген бағытты жалғастырады. Тұтастай алғанда, бағдарлама Елбасының жене Мемлекет басшысының елімізді жан-жақты жаңғырту бағытын жалғастыруды және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі. Бағдарлама елдің үш іргелі құндылықтарына негізделеді. Тәуелсіздік. Қазақстанның барлық табыстары тап соның арқасында ғана мүмкін болды. Тәуелсіздік – бұл ел мен барлық азаматтың дамуы мен өркендеуінің негізі. Мемлекеттің берік іргетасын қалап, біз Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтатын боламыз. Мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың бар күш-жігері осыған бағытталуға тиіс. Ел бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Ел азаматтарының бәрі Елбасы саясатының айналасында шоғырланып, барша азаматтарға ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануы – Қазақстанда үйлесімді этносаралық қатынастардың негізгі факторы болып табылады.
Онжылдыққа арналған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы түрде арттыру үшін елді жүйелі түрде жаңғырту. Партия бағдарламасы Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын іске асыруға бағытталған. Әр саладағы жұмыс нәтижелері ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың мүдделерін іске асыруға бағытталуы керек. Сондықтан да біздің басты басымдығымыз инклюзивтілікті қамтамасыз ету болып табылады. Елдегі жетекші саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясы, Елбасы айқындаған стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың басты он мақсатына қол жеткізуге бағыттайды.

– XX съезд қарсаңында партияның Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыста, партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды. Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті. Осы орайда аудандық филиалда қандай жұмыстар атқаралып жатыр?
– «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ауданымызда тұратын тұрғындарымыз үшін есігі әрдайым ашық. Бүгінгі таңда партия жұмысын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ, Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы бірқатар жұмысты қолға алып келеді. Атап айтқанда, ауданымызда «Тәуекелдер картасы» жасалынды. Аталған құжатта елді мекеннің әртүрлі әлеуметтік мәселелері бойынша туындап отырған жайттар және оны шешу жолдары көрсетілген. Бұл мәселелерді шешуде облыстық, аудандық маслихат депутаттарының және бастауыш партия ұйымдарының үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда «жаңа» медиа саласында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушылар көбейіп кеткені бәрімізге мәлім. Осы мәселе жөнінде Елбасы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтып, әлеуметтік желілерді және БАҚ құралдарын тиімді пайдалануды тапсырған болатын.
Жергілікті, қарапайым мәселелер республикалық деңгейге дейін көтерілуде. Қоғамдық санада жалған түсінік қалыптасуда. «Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, халықтың сеніміне ие болуы тиіс, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда, аудандық филиал әлеуметтік желілерді және БАҚ құралдарын кеңінен пайдалану үшін жұмыс атқарып жатыр. Әрбір партия мүшесі партиядағы атқарылып жатқан жұмыстарды әлеуметтік желілерде барынша бөлісуде.
Партияның өткен жылғы саяси кеңесінде қабылданған «Сенім. Диолог. Болашаққа нық қадам — Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарламасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Заңгерлік көмек» және «Ауыл-Ел бесігі» жобалары бойынша ауданда біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Сарыағаш ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша аудандық партия филиалында сондай-ақ, барлық БПҰ-да «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында «Заңгерлік көмек» бағыты бойынша тұрғындарының құқықтық білім деңгейін арттыру және тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында заңгерлердің, адвокаттардың, медиаторлардың қоғамдық қабылдауын тұрақты түрде өткізуде. «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында 134 отбасына көмек берілді. Оның 59 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 49 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 329 азаматқа азық-түлік, киім-кешек, материалдық көмек және т.б. көмектер партияластардың ұйымдастыруымен көрсетілді. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының бастамасымен және партияластардың демеушілігімен «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы аясында 2020-2021ж.ж. оқу жылында қашықтықтан оқытылатын оқушылардың саны-56565 (27495 отбасы), олардың 482 оқушы компьютермен, 1908 оқушы ноутбукпен, 1118 оқушы планшетпен, 50162 смартфондармен қамтылды.
Ерекше атап өтетін мәселе «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтің әлсіз тобына қолдау көрсету үшін қаражат бөліп, 50,0 мың теңгеден 1969, азық-түлік – 3000, және 120 – отбасыға дәрі дәрмекке үйлестіріліп, көмек көрсетілді. Жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде Jas Otan волонтерлері мен нұротандықтар атсалысып белсенді жұмыс көрсетті. Сонымен қатар, тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі болып жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті. Аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен апаттан зардап шеккен отбасыларға жәрдем беру мақсатында, мектептерге уақытша эвакуацияланған тұрғындарға азық-түлік, киім кешек және қажетті гигиеналық заттар жеткізіліп берілді. Зардап шеккен отбасылардың 3000-ға жуық балалары үшін Сарыағаш ауданындағы «Балдәурен» жазғы лагерлері мен «Сарыағаш» шипажайында жазғы демалыс лагерлері ұйымдастырылды.
Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі – халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен пікір алмасуды жолға қою. «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің басты бағыттарын жүзеге асыру мақсатында барлық мемлекеттік орган өкілдері мен депутаттар қабылдауларының жоспарлары бекітілді. Қазір халықпен кері тиімді байланыс орнату үшін бүгінгі заман талабына сай барлық құралдар, оның ішінде әлеуметтік желілер, түрлі мессенджерлер тиімді болып отыр. Тұрғындар шағымдарын тек қана қабылдауға келіп қана емес, партияның парақшаларына хат жазу арқылы білдіре алады. Ашықтық, жариялылық – біздің басты ұстанымымыз. Біз қоғамдық қабылдау өткізу арқылы азаматтардың жеке мәселелеріне ортақтасып қана қоймай оның шешілуіне оң ықпал етудеміз. Қарапайым адамдардың мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарының басшыларына өтініштерін тікелей жеткізуіне мүмкіндігі бола бермейді. Ал қоғамдық қабылдау бөлмесі түрлі кедергілер мен тосқауылдарды айналып өтіп, нақты нәтижеге қол жеткізеді. Біз осыған дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен аудандағы қала, кент және ауылдық округтерде бірнеше көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткіздік. Көшпелі қоғамдық қабылдау партия үшін де, халық үшін де өте маңызды. Бүгінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, аудан әкімі мен орынбасарларының, мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары басшыларының 2111 қабылдауы өтті. Қарау нәтижелері бойынша 1309 оңтайлы шешіліп, 794 өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, 8 өтініш бүгінде қаралу үстінде. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысының кейбір мәселелері туралы 13.03.2020 жылғы №020 бұйрығымен елімізде коронавирустың таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне орай, партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау жұмысы онлайн-режимге ауыстырылды. Сол уақыттан бастап онлайн-режимде 1882 азамат өтініш білдірген. Барлығыда мәселесіне қарай шешімін табуда. Ол дегеніміз – халықтың партияға деген сенімінің күн санап артып келе жатқанының айғағы. Қазір халықпен кері тиімді байланыс орнату үшін бүгінгі заман талабына сай барлық құралдар, оның ішінде әлеуметтік желілер, түрлі мессенджерлер тиімді болып отырғандығының дәлелі.

– Құдірет Ибадуллаұлы, 25 қараша күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Аталған жиында партияның жаңа 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Бұған қатысты ойыңыз қалай?
– Өзіңізге белгілі, Ағымдағы жылдың 17 тамыз -3 қазан күндері аралығында кезең-кезеңмен праймериз өткізілді. Біріншіден осы праймеризді айтып өтсем. Праймериз – бұл Тауелсіз еліміздің тарихында алғаш рет өткелі отырған партияішілік сайлау. Науқанның басты мақсаты – әділеттілікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. Партияішілік сайлау шын мәнінде айтары бар, өмірге көзқарасы ашық, қоғамға өзгеріс енгізуге, ұстанымы берік азаматтар үшін – нақты әлеуметтік лифт екені айқын. Жаңа идеялар мен тың ұстанымдардың қоғам қазанында қайнаған мықтыларға ел игілігі үшін күш-қайратын сарп ететін әділетті мүмкіндік. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жаңғырту» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі. Біздің басты мақсатымыз – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау. 104 азамат үміткер ретінде праймеризге тіркеліп, іріктелді. Праймеризге қатысушыларды жастар, әйел азаматшалар, көп балалы аналар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер құрады. Тұңғыш рет республикалық ауқымда праймериз нәтижесінде әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарлама дайындалып, халық арасында жан-жақты талқыланып, ұсынылды. Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданып, партияның Жарғысы мен Саяси Доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Бюро мен Саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім «Nur Otan» партиясының ХХ съезіне ұсынылды. Ендігі кезекте ХХ съезде қабылданған партияның 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы негізгі төрт басымдықпен жаңа міндеттер жүктеп отыр.
1. Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру;
2. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру;
3. Экономика мен өңірлердің орнықты дамуы;
4. Есеп беретін, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет және жауапты азаматтар.
Партия тұтас ұлтты біріктіретін бастамаларды ұсынып отыр. Алдағы уақытта да солай болады. Nur Otan партиясы – ізгі ниетке негізделген нақты істер партиясы. елдің болашағы үшін зор жауапкершілік бізге жүктелген. Отанымыздың тағдыры партияның стратегиясын қолдайтын белсенді мүшелерінің, шынайы патриоттардың қолында.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауымен басталмақ. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін. Еліміздің игілігі және мемлекетіміздің мүддесі жолында табысқа бірге жете берейік!

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Бақдәулет АЙДАҒАРАУВ.